Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Жаңалықтар
view 554
news

фото интернеттен

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды janabastau.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламады.

Айта кетейік, Бағдат Мусин бұл лауазымға 2020 жылдың 2 қыркүйегінде кіріскен болатын. Ол 1983 жылы Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті «Компьютердің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *