Баян Алагөзова, Ләйлә Сұлтанқызы: салық төлемеген блогерлердің тізімі шықты

Жаңалықтар
view 688
news

Фото: todayinfo.kz

Баян Мақсатқызы тапқан табысынан салық төлемеген. Продюсер мемлекетке 272 миллион теңге тапқан табысынан салық төлемеген. Миллиондап табыс тапса да, салық төлемегендердің қатарында Ләйлә Сұлтанқызы да бар, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ 

Ләйлә Сұлтанқызы 160 миллион теңгеден асқан табысының есебінен мемлекетке құн төлемеген.Ал миллиардер Сырымбек Тау блогер болмаса да борышкерлердің қатарында тұр.

Кәсіпкердің мемлекет алдындағы қарызына 114 миллион теңге табысы себеп болып тұр.

Салық төлеушілердің көшін 2 миллиард 163 миллион теңгеден салық төлемеген Бейбіт Әлібеков бастап тұрса, борышкерлердің ішінде журналист, блогер Өркен Кенжебекте жүр.

Оның мемлекет алдындағы қарызы 215 миллион теңгеден түскен салық болып отыр. Ал әнші Алтынай Жорабаева мемлекеттік кірістер департаментіне 110 миллион теңгеден түскен құнды төлеуі тиіс.

Козачков телеграм арнасы мемлекетке қарыз 31 адамның тізімін жариялады.

Еске салсақ, Қазақстандық блогерлерге жалпы сомасы 53,3 миллиард теңгені құрайтын салықтық міндеттемелер жүктелді. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 594 адамның табыс декларацияларында айтарлықтай сәйкессіздіктер анықталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *