«Байтақ» жасылдар партиясының баспасөз конференциясы өтеді
Сурет: Ашық дереккөзден
2024 жылғы 4 қыркүйекте сағат 11:00-де Астана қаласы, К. Аманжолов көшесі, 32/1 үй, ВП-6 мекенжайы бойынша «Байтақ» жасылдар партиясының баспасөз конференциясы өтеді.
Іс-шара барысында 2024 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында берген тапсырмалары егжей-тегжейлі қарастырылады.
Спикерлер Партия мен экологиялық қоғамдастықтың Президент тапсырмаларын іске асыруға бағытталған іс-шаралары туралы баяндап, азаматтардың экологиялық жобаларға қатысуын кеңейту бойынша ұсыныстарын ұсынады.
«Байтақ» жасылдар партиясы «Green Kazakhstan» қоғамдық қорын құруды бастамашылық етеді. Жаңа ұйым экологиялық бастамаларды қаржыландырудың ұлттық орталығы және экологиялық ақпараттық күн тәртібін басқару институты ретінде қызмет етеді. Қордың негізгі жобаларының бірі ұлттық ESG платформасын құру болмақ.
Сонымен қатар, Қор Қазақстанның халықаралық имиджін көтеруге, инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз етуге және елді декарбонизациялауға ықпал ететін болады.
Спикерлер:
Азаматхан Әміртаев – Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы;
Бекберген Керей – Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы аппаратының басшысы;
Асқар Әміртаев – «Green Kazakhstan» қоғамдық қоры басқармасының төрағасы.
Аккредитация және қосымша ақпарат: Телефон: +7 747 649 1288.
Баспасөз конференциясы онлайн көрсетіледі.
Пікірлер (0)