Мандатынан айырылған Мәжіліс депутаты Парламентте жұмыс істейтін әйелге ұятсыз хаттар жазған - Перуашев

Жаңалықтар
view 550
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Таяуда депутаттық мандатынан айырылған Асқар Садықов Парламентте істейтін әйелге ұятсыз ұсыныстар білдіріп, жыныстық бопса жасаған, деп хабарлайды  janabastau.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Экс-депутаттың өрескел қылығы туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев жазды. Ол Асқар Садықовтың партиядан шығарылғаны жөніндегі журналистердің сұрақтарына түсініктеме берген.

«Партиямыздың атына А.Садықовқа қатысты бірқатар шағымдар түсті, онда айтылған жәйттар пленумда қаралып, тиісті шешім шығарылды. Шағымдардың дені оның теріс іс-әрекеттеріне, атап айтқанда, өкілеттігін асыра пайдалану мен этикалық нормаларды бұзуына байланысты болды. Шағымдардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке фактілер келтіруге болатын болса да, бір ғана мысалды атап өту жеткілікті деп ойлаймын. Мәселен, парламентте (партияда емес) жұмыс істейтін бір әйел адам А.Садықовтың бірнеше рет ұятсыз ұсыныстар жасап, қысым көрсеткені туралы айтып арызданды. Ол өзінің сөзіне дәлел ретінде ватсабына А.Садықовтан келіп түскен хабарламалардың скринін көрсетті (этикалық себептертерге байланысты оның бопсалауына тап болған аталған жәбірленушінің есімі жасырылған)», - дейді Перуашев.

Фото: t.me/peruash

Партия басшысының сөзінше, арызданушы 17 сәуірде өзіне жазылған мұндай қорлау ұсыныстарды жауапсыз қалдырып, елемеген екен. Алайда, 15 мамырда бұл әрекеттер тағы қайталанған және арызданушының айтуынша, Асқар Садықов жыныстық бопсалауды жүйелі түрде басқа күндерде де жалғастырған. Бірақ Асқар Садықовтың депутаттық қол сұғылмаушылыққа ие екендігуне байланысты, харрасментке тап болған жәбірленуші құқықтық қорғауға жүгіне алмаған.

«Пленум барысында осындай әшкере болған заңсыз әрекеттерге жол берілмейтіндігі туралы ескертуіме жауап ретінде А.Садықов «өзінің депутат екенін және кімге не қаласа соны айтуға құқылы екендігін» айтты. Сондықтан, біз бұл кедергіні алып тастадық, ал, Асқар Садықовты депутаттық мәртебесінен айыру туралы қабылданған шешім жәбірленушіге ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға мүмкіндік береді. Оның лайықсыз мінез-құлқының басқа да фактілері бар, соның негізінде осындай шешім қабылданды. Олардың кейбіреулері құқық қорғау органдарының да назарын аударуы мүмкін, ондай жағдайда қажетті көмек көрсетуге дайынбыз», - деді Азат Перуашев.

Фото: t.me/peruash

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Dequine лақап атымен танымал әнші Данеля Садықованың әкесі Асқар Садықов депутат мәртебесіне лайықсыз әрекет жасағаны үшін қызметінен айырылған еді.  

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *