Балабақша тәрбиешісі балаларды ұрған

Жаңалықтар
view 772
news

Фото видеодан алынған

Балабақша тәрбиешісі балаларды басынан ұрып, дөрекілік танытқаны бейнебақылау камераларының жазбаларынан анықталды, деп хабарлайды Janabastau.kz.

Қалалық білім беру басқармасы түсініктеме беріп, тәрбиешінің жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

«1 шілде күні Павлодар қаласындағы №79 балабақшасының ортаңғы топ ата-аналары бейнебақылау камераларын көруге рұқсат сұрап, балабақша жетекшісінің міндетін атқарушыға жүгінді. Бейнежазбалардан тәрбиешінің балаларға дөрекілік көрсеткені көрген. Еңбек заңнамасына сәйкес, осы оқиға бойынша тәрбиеші  жұмыстан шығарылды», – деп хабарлады қалалық білім беру бөлімі.

Бүгінде материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.

Еске сала кетейік, Павлодардағы балабақшаларда балаларға қатысты мұндай оқиға алғашқысы емес. Маусым айында қаланың №16 балабақшасында осындай шу шыққан. Бейнебақылау камераларының жазбаларында ата-аналар тәрбиешінің екі жасар балалардың басынан ұрғанын көрген. Ата-аналардың айтуынша, тәрбиеші балаларды қолмен ғана емес, тіпті ыдыспен де ұрған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *