Балдырғандар сахнаға шықты

Редакция таңдауы
view 72
news

Ай мен жұлдыз болмаса, қараңғы түнде адамдар адасар еді. Өнер дүлдүлдері болмаса, мына күйбең тіршілікте адамдардың көңілін кір басар еді. Шерхан Мұртаза

1950 жылдан бастап 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні болып аталып келеді. Бұл мерекені тәуелсіз Қазақ елі де жыл сайын тойлап өтеді. Биыл осы атаулы күннің құрметіне орай, Қосшы қаласы ІТ мектеп-лицейінде бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Біз өмірдің гүліміз» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер мейрамы бастауыш сыныптар оқу ісінің меңгерушісі Күләш Мадыбайқызының құттықтау сөзімен ашылып, оның арты әсем әнмен өріліп, күміс күймен көмкерілген әдемі концерттік бағдарламаға ұласты. Алғашқылардың бірі болып ортаға шыққан «Дала сазы» өнерпаздары «Испан биімен» шыр көбелек айналып, сахна үстін шалқыған бимен тербетті. Бастауыш сынып оқушылары да бар өнерлерін ортаға салды. Талантты балалар ән айтып, әртүрлі әуендерге би билеп, мерекенің көркін қыздырды. Атап айтатын болсақ, 4 «Б» сынып қыздары флешмоб, 3 «Г» сынып қыздары қазақ биімен ерекше көзге түсті. Бірінші орыс сыныптары бүлдіршіндері хор орындады. 1 «И» сынып оқушысы Адема Өтебекова «От улыбки» әнін құйқылжыта салып, 4 «Е» сынып оқушысы Айлана Өтебекова «Арманым» әнін әуелетті. 1 «Б» сынып оқушысы Амина Көкен – «Анашым», 1 «З» сынып оқушысы Ирида Құрмания – «Ұстаз ана», 3 «Ә» сынып оқушысы Қарақат Сүгірбай – «Қазақ елі», 4 «Г» сынып оқушылары Қуандық Серкешбай, Ясмин Мәкітай, Аяла Жігер «Қос бәйтерегім» әндерін нақышына келтіре орындап, көрермендерді тәнті етті. 3 «В» сынып оқушысы Сати Сушкова «Каждый был из нас малышкой» өлең жолын оқып, көрермендерді ерекше сезімге бөледі. Концерт соңында көрермен ішінен 2 «Ж» сынып оқушысы Сұңқардың әжесі балаларға деген жылы лебізін білдіріп, сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады. Балаларды қорғау күні барлық бүлдіршін өзін бақытты сезінуі керек, сондықтан да бұл мерекені атап өтуден еш бала шет қалмауы тиіс. Балалар қуанышынан, бал-бұл жайнаған жүзінен артық не бар? Қазақстан бүгінгі кішкентай бүлдіршіндер арқылы гүлденеді, жан-жақты жоғары білім алуы арқылы кемелденеді. Сондықтан да бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі шын мәнінде ел Тәуелсіздігі баяндылығының мерекесі десек, артық айтқандық емес.

Маржан Салбенбекова, Қосшы қаласы «ІТ мектеп - лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *