Бар жақсылық – балаға!

Редакция таңдауы
view 201
news

Қосшы қаласына қарасты «Өнер» оқу-шығармашылық орталығы «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай бүлдіршіндерге ойын-сауықтық шара ұйымдастырды. Аталған жиында орталықтың шеберлері жасаған қолөнер бұйымдары, майлы бояумен салынған суреттер, қазақы әшекей, ұлттық киімдер, сәнді дорба, тоқыма өнімдерінің жәрмеңкесі көпшіліктің қызығушылығын арттырды.

Орталықтың жұмысын жандандырып, жасөспірімдірді ұлттық өнерге баулып, төл туындыларын жасауға икемдеп жүрген ұстаз Үмітжан Өтегенқызы баланың бойында төзім мен табандылық қасиетін ерте қалыптастыру маңызды екенін айтады. Ол: «Балалардың есте сақтау қабілетін, қолмен майда жұмыс жасау шеберлігін қолөнер арқылы дамыту керек. Технология дамыған заманда өмір сүрсек те, ұрпағымыз ата- бабамыздан келе жатқан ұлттық салт-сана, дәстүрді біліп, оны дамытуға, жаңартуға үлес қосса дейміз. Осы мақсатпен бүгінгі шараға екі жүзге жуық дайындаған бұйымдарымызды әкелдік. Балалар өздері бағалап, сатылымға ұсынып жатыр», дейді. Ұжым жетекшісі Жанар Шалқарбекқызы балаларды қуантып, жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында мерекелік шараны жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырғанын жеткізді. «Бар жақсылық, бар мейірім – балаларға» деп, бүгінгідей жарқын мерекені ұжыммен асыға күтеміз. Бұл шарада елуге жуық бала түрлі- түсті бормен асфальт бетіне сурет салады. Көпшілікті Орталықтың атқарып жатқан жұмыстарымен танысу үшін осындай жәрмеңкелер өткіземіз. Сондай-ақ шахмат ойынынан турнир ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан балаларға бағалы сыйлық, тәтті үлестіреміз», деді Орталықтың жетекшісі. Көңілді жиында немерелерін жетектеп, балаша қуанышқа бөленген Сымбат Кенжетайқызы: «Қазіргі балаларда арман жоқ деп ойлаймын. Тек дендері сау, бақытты болсын! Тыныш заман, ашық аспан астында немерелерімізбен қуанып, шаттанып, аман жүре берейік!», деп шара ұйымдастырушыларына үлкен алғысын білдірді. Жиында балалардың сүйікті кейіпкерін сомдаған аниматорлар мерекені, тіпті жандандыра түсті.

Гүлназ БИСЕН

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *