Балық шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы өседі

Редакция таңдауы
view 95
news

Бүгінгі таңда Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мемлекеттік балық өсіру кәсіпорындарының қатардағы қызметкерлерінің жалақысы шамамен 90 мың теңгені құрайды, бұл еліміздегі ең төменгі жалақыға жақын, деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Egemen.kz ке сілтеме жасап. Балық өсіру кәсіпорындарындағы жұмысшылар қызметінің ерекшелігі мен ауыр физикалық еңбегін ескере отырып, қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесі олардың саланы дамытуға қосқан үлесіне сәйкес келмейді. Осыған байланысты, тұрақты еңбек ұжымын қалыптастыру және жас мамандарды тарту арқылы кадрлық әлеуетті нығайту үшін кәсіпорындардың салалық қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі пысықталды. Осылайша, 1 шілдеден бастап балық өсіру саласында қызмет атқарып жатқан жұмысшылардың жалақысы 2 есе көтеріледі деп жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *