2035 жылға қарай елорда тұрғындарының саны 2.5 миллионға жетеді

Редакция таңдауы
view 107
news

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов елорда халқының саны бойынша Үкіметтің болжамымен бөлісті. Оның аутынша, 2035 жылға қарай Астана халқының саны 2,5 миллионға жетеді, деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Egemen.kz ке сілтеме жасап. «Бас жоспарға сәйкес, 2023 жылға қарай елорда тұрғындарының саны 800 мың адам болады деген болжамдар болған. Содан кейін тәжірибе басқаша көрсетті, яғни барлық болжам жоспардан асып түсті, 2010 жылы Бас жоспар түзетілгенде 2030 жылға қарай 1 миллион 200 мың адам болады деп жоспарланды. Бұл меже 2020 жылы орындалған», деді Алтай Көлгінов. Бұл ретте вице-премьер халық санының жедел өсуіне байланысты елорда инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру қажет. «Халық өсімін, динамикасын ескере отырып, қазір болжамдар 2035 жылға қарай 2 миллион 200 мың немесе 2 миллион 500 мың адам болатынын көрсетіп отыр. Біз бұл үшін инфрақұрылымды дайындауымыз керек. Биыл әкімдік Үкіметке барып, осы Бас жоспарды бекітуі керек. Бас жоспарға сәйкес мектептер, балабақшалар, әлеуметтік нысандар, әлеуметтік тұрғын үйлер саны артты, инженерлік инфрақұрылым, мысалы, екі газ жылу станциясының құрылысын бастадық», деп ойын аяқтады Көлгінов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *