Тоқаев отандық кәсіпкерліктің мәселелерін шешу жөніндегі ұсыныстарды тыңдады

Редакция таңдауы
view 104
news

Президент "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады, - деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Massaget.kz ке сілтеме жасап. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысына шағын және орта бизнесті дамыту тәсілдерін жетілдіру, отандық кәсіпкерліктің мәселелерін шешу жөніндегі Палатаның қызметі туралы мәлімет берілді. Кездесуде еліміздегі кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарына ерекше назар аударылды. Райымбек Баталов шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеудің маңызды екенін айтты. Оның айтуынша, бағдарламада отандық инвестицияны ынталандыру үшін орта бизнесті дамытуға баса мән берілуі қажет. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев стратегиялық шешімдер қабылдау барысында бизнестің ұстанымын ескеру маңызды екенін айтты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *