Дизельдің қымбаттауы басқа тауарлардың бағасына әсер етпейді – АШМ
Редакция таңдауы
96
Ауылшаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың айтуынша, Қазақстанда дизель отыны қымбаттағанымен, ол таяу арада басқа тауарлардың бағасына әсер етпейді, деп хабарлайды Jańa Bastau газеті Egemen.kz ке сілтеме жасап.
«Жалпы, жанар-жағармай бағасының өсуі тауарлардың құнына әсер етеді, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуметтік маңызы бар тауарларының да. Жалпы, сараптамалық бағалауға сәйкес, жанар-жағармай бағасының 20%-ға өсуі тауардың өзіндік құнының 2-ден 5%-ға дейін артуына әсер етуі мүмкін. Бірақ қазір көктемгі суару маусымына қажетті көлем, яғни 413 мың тонна алдын ала қарастырылып қойғанын атап өту керек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 мың тоннаға артық. Бағасы да нарықтық бағадан 20%-ға төмен. Сондықтан жанар-жағармай бағасының, атап айтқанда дизель отынының өсімі қысқа мерзімді перспективада бағаларға әсер етпейді», деді Ербол Тасжүреков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)