Бап пен бақ үйлесім тапса...
Редакция таңдауы
119
Қосшы қаласының Тайтөбе ауылында балалар ойын алаңы мен футбол алаңы ашылды. «Сұлу-ай» балабақшасының маңында 6-8 және 9-11 сынып оқушылары арасында шағын футболдан достық ойыны, сондай-ақ «Kross – салауатты өмір салты – 2023» балалар мен ересектердің қатысуымен жүгіруден жарыс өтті.
Қалалық мәслихат депутаттары және Тайтөбе ауылының әкімдігі бұқаралық спорт мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық бастама көтеруге ұмтылдыру, өскелең ұрпақтың спортқа деген құлшынысына ықпал ету мақсатында ұйымдастырды.
Шараға арнайы қонақ ретінде бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мерей Ақшалов, қазақ еліне танымал спортшы, рекордсмен, халық арасында «темір адам» деген лақап атпен танымал, армрестлингтен халықаралық спорт шебері, Азия чемпионы, Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісінің иегері Тимур Спатаев, street workout бойынша Қазақстанда және әлемде бірнеше дүркін рекорд жасаған спортшы және Еуропаның street lifting бойынша рекордшысы атанған бірегей тұлға Айтым Жақыпов, жеңіл салмақты кәсіпқой боксшы, Панкратионнан әлем, Еуразия және Азия чемпионы, АФК ұйымының чемпионы Василий Тахтай, әйелдер күресінен Азия чемпионы Жәмила Бақбергенова қатысты.
Салтанатты іс-шараның ашылуына арнайы шақырылған қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әлемдік деңгейде танымал тұлғалар еліміздің спорт шежіресіне мәңгілікке енетін болады.
Спортшылар бірінен бірі озуға жан аямай талпынып бақты. Түрлі жас санатындағы қатысушылар дес бермеді. Олардың спорттық дайындығы, шымырлығы мен төзімділігі жарыста сыналды.
Балалар ойын алаңы мен футбол алаңы спортқа әуесқой жандардың шеберлік деңгейін одан әрі ұштап, шаң жұқтырмайтын мықтыларды анықтап, спорттық тұрғыдан достық қарым-қатынастарды нығайта түсетіні анық.
Балалар ойын алаңы мен футбол алаңы спортқа әуесқой жандардың шеберлік деңгейін одан әрі ұштап, шаң жұқтырмайтын мықтыларды анықтап, спорттық тұрғыдан достық қарым-қатынастарды нығайта түсетіні анық.
Кішісінен үлкеніне дейін шыдамдылық танытып, аяқтап шықты. Күннің ыстығына қарамастан, жүгіріске қатысушылардың бірде-біреуі жарыста орта жолдан шығып кетпеді.
Өнерпаздар бар өнерлерін паш етіп, елді еріксіз тамсантты. Көрермендердің қошеметіне ие болған әншілер мен бишілер халықтың көңілінен шықты. Бұл күні алаңда жәрмеңке де ұйымдастырылды.
12-15 жастағы жасөспірімдер 1 000 метрге, 16-17 жастағы жастар 2 000 метр, 18 жастан асқан адамдар 3 000 метрге жүгірді. Жеңімпаздар медальдармен, кубоктармен, сыйлықтармен марапатталды.
Спорттық шеберлік және жеңіске деген құлшыныс танытқан белсенді қатысушылардың саны жылдан жылға артып келеді. Олар алдағы уақытта да спорт мерекесінің ұйымдастырылатынына сенім білдірді.
Жанар АХМЕТОВА
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)