БАҚ қосымша құн салығынан босатылады

Жаңалықтар
view 306
news

Фотосурет: janabastau.kz

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіп иелері мен бұқаралық ақпарат құралдары қосымша құн салығынан босатылады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

Бұл туралы салық кодексі жобасын қорғаған ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Азамат Әмрин айтты.

Реформа жасардың алдында бүкіл өңірлерді араладық. Бизнес қауымдастықпен талқылау жұмыстарына 6 жұмыс тобы атсалысқанын білесіздер. Осы жұмыс аясында 2,5 мыңнан астам жеке кәсіпкермен және жеке шаруашылық басшыларымен кездестік. Олардың бүкіл ұсыныстарын тыңдап, жазып алдық. Қазір сол ұсыныстарды талқылау жүріп жатыр. Мәжілістің осы мәселеге байланысты құрылған жұмыс тобында да осы мәселелерді терең пысықтаймыз деп ойлаймын, - деді Азамат Әмрин. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *