«Барлық студенттерді Алматыдан көшіру керек» – Жазира Байырбекованың ұсынысы желіні шулатты

Жаңалықтар
view 183
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Танымал әнші Жазира Байырбекова Алматыдағы көлік кептелісін азайту жолын ұсынып, оқырмандар арасында үлкен талқы тудырды, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі Instagram парақшасында жазба жариялап, қаладағы кептелісті шешудің өзіндік нұсқасын ортаға салды.

«Қайран кептеліссіз уақыт?! Алматының кептелісін қалай шешеміз, халқым?! Менің нұсқам: барлық оқу орындарын Қонаев, Қаскелен, Талғар, Есік қалаларына көшіруді ұсынар едім. Сіздің ойыңыз қандай?» – деп жазды Байырбекова.

Алайда әншінің ұсынысы көпшілікке жақпай қалды. Пікір білдіргендердің басым бөлігі бұл бастаманы орынсыз деп санап, түрлі уәждерін айтты.

«2000 жылдан ескі көліктерді қалаға кіргізбесе, кептеліс сәл де болса азаяр еді», – десе, тағы бірі: «Сонда тек тойханаларды қалдыру керек пе?», «Студенттердің ол жаққа қалай жететінін ойладыңыз ба? Олардың бәрі жеке көлік мінбейді ғой, пәтер жалдап әрең күн көріп жүр» деп наразылық білдірді.

Кейбір оқырмандар тіпті: «Ең дұрысы өзіңіз көшіңіз адамы аз қалашыққа», «Жазира өз басын ғана ойлап отыр», «Студенттерді айдалаға көшіруден мәселе шешілмейді» деген сыни пікірлер жазды.

Осылайша, Байырбекованың бастамасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, қоғамда әртүрлі пікірлер туғызды.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *