Барселонада концертіне орай Димаш Құдайбергеннің суреті қоғамдық көліктерге ілінді
Фото: dimashnews.com
Барселона қаласындағы Бадалона Олимпиада аренасында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне орай, Испаниядағы жанкүйерлері арнайы жарнамалық науқан ұйымдастырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда қаланың көшелерінде әншінің суреті мен концерті туралы ақпарат ілінген автобустар жүріп жатыр. Халық әртісі 8 қарашада өнер көрсетеді.
Жарнама 6 қазан мен 9 қараша аралығында Барселонаның жолаушы ең көп мінетін В24 және В25 бағыттарында көрсетіледі. Бұл бағыттардың бірі тікелей Димаш өнер көрсететін Олимпиада аренасының алдынан өтсе, екіншісі – үлкен Magic сауда орталығының жанынан өтеді. Осылайша, күн сайын мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтары қазақстандық әнші бейнеленген афишаларды көре алады.
Әншінің жанкүйерлері жаңалыққа қуанып, пікір білдіріп жатыр.

Бұл – нағыз фантастика! Үздіксіз еңбектің нәтижесі осындай тамаша жетістікке жеткізді. Енді Димаш Барселонаның көшелерінен “жүріп өтетін” болды. Бұл жобаның жүзеге асуына атсалысқан әр жанкүйерге алғысымыз шексіз, – деп жазды испаниялық жанкүйерлер.
Пікірлер (0)