"Әкімнің ұлы..". Петропавлда туған қызын зорлаған әке өмір бойына сотталды
Фото dalanews.kz
Петропавлда 29 жастағы кәсіпкер кәмелетке толмаған қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сот үкіміне сәйкес, Әділхан Сәкенов 2024 жылдың маусым айында өз қызын зорлаған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
"Айыпталушының кінәсі жәбірленушінің алдын ала жазылған куәліктерімен, фотоайғақтармен және сараптама қорытындыларымен дәлелденді", – делінген Qazaqstan media-ға жолданған сот үкімінде.
Әділхан Сәкенов – Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданының әкімі Қайрат Пішенбаевтың ұлы. Әкесі бұған дейін мемлекеттік еңбек инспекциясын басқарған, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясының филиалында төрағаның бірінші орынбасары болған. 2012 жылы облыстық мәслихат депутаты болып сайланып, кейін СҚО-дағы ат спорты федерациясын басқарған.
Ал Сәкенов Infinity жеке кәсіпкерлігін тіркеген шағын кәсіпкер. Ашық деректерге сәйкес, оның компаниясы ауыл шаруашылығымен айналысады. Orda.kz мәліметінше, бұл оның алғашқы қылмысы емес. Ол бұған дейін үш рет жол-көлік оқиғасын жасаған. 2022 жылы ішімдік ішіп көлік тізгіндегені үшін ұсталған.
Пікірлер (0)