Дина Төлепберген 15 жылдан кейін алғаш рет күйеуінің фотосын жариялады

Жаңалықтар
view 200
news

Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген араға 15 жыл салып, алғаш рет күйеуінің фотосын жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz

Ол күйеуімен түскен фотода ер мен әйелдің қарым-қатынасы туралы мәселені көтерді.

«Ол саған есік ашып жүр ме, сонда? Ха-ха-хаааа! Әріптестерімнің осы бір мазағы әлі күнге дейін құлағымда. Олар менің болашақ жұбайымның жұмыс алдына келіп, көлігінің есігін ашып тұрғанын көрген екен. Әлдеқайдан бір әңгіме естіп алғандай, мысқылмен күлкісін жасыра алмай отыр.

Бұл 2010 жыл еді. Қазір 2025. Он бес жыл өте шығыпты, бірақ таңғалатыным – ештеңе өзгермеген. Әйелге есік ашу, пальтосын киюге көмектесу, жаңбыр жауса қолшатырды ұстау, шотты төлеу – осылардың бәрі әлі бітпейтін тақырып. Ең қызығы – еркектің қарапайым құрметін кей «данышпандар» мазаққа айналдырады», - дейді Дина Төлепберген.

Тележүргізуші сөзін жалғай отырып, қарым-қатынас барысында жіберілген қателіктерге өзін емес жұбайын кінәлау мәселесін тілге тиек етті.

«Ақылды біреу айтқан екен: адам – табиғатынан жақсы. Егер ол жамандық жасаса, жүрек түкпірінде бір жері бәрібір ауырып тұрады. Бірақ ұятын жеңу үшін, яғни өз кінәсін ақтап алу үшін өзгеден мін іздеуге көшеді. Мысалы, бір еркек әйеліне опасыздық жасап қойды делік. Бірақ өзін ақтау үшін : «Маған көңіл бөлмейді», «Өзін күтпей кеткен», «Толып кетті...», «Қанша ақша берсең де, жетпейді». Осылайша өз күнәсін өзгенің мойнына арта салады.

Бір түндік романдарға әуес жігіттердің «Мен тек пәк қызға үйленем» деп күпінетініне таң қаламын. Иә, «Еркектік логика» деген өте қызық ғалым екен», - дейді тележүргізуші.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *