Бейнеуде тұрғын үйден газ жарылып, 1 адам қайтыс болды

Жаңалықтар
view 178
news

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Бейнеу ауылында газдың жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды janabastau.kz.

ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 3 сәуірде болған.

Жарылыстан үй толығымен дерлік қираған. Салдарынан Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы төтенше жағдай қызметінің қызметкері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне хабарлаған. Оқиға орнына жеткен бригада қираған жеке үйге қолдан жасалған жылыту газ қазандығы орнатылғанын анықтады, - деп хабарлады компания.

Оқиға туралы Бейнеу аудандық әкімдігі мен полицияға хабарланған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қолдан жасалған қазандықтан газ шыққан. Анықталғандай, бұған дейін үй иелеріне қолдан жасалған бұл жабдықты ауыстыру туралы хабарлама келген, бірақ үй иелері бұл ескертуді елемеген. Апаттың себептері сараптама қорытындысы бойынша нақтыланады, - деп қорытындылады компания.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *