Бензин, тамақ, тариф – бәрі қымбаттайды: үкімет әлеуметтік дүмпуден қауіптенбей ме

Жаңалықтар
view 367
news

Ulysmedia коллажы

Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткеннен кейін Серік Жұманғаринге сұрақ қойды, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тарифтер қымбаттайтынын, бензин, жанар-жағармай бағасы өсетінін, қосымша құн салығы өссе, азық-түлікке де баға қосылатынын айтып жатырсыздар. Сіздер әлеуметтік дүмпу, наразылық деп қауіптенбейсіздер ме? Тәуекелдерді қаншалықты ескеріп отырсыздар? – деп сұрақ қойылды Жұманғаринге.

“ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН ҚАРАЖАТ СҰРАМАЙМЫЗ”

НЕ ҚЫМБАТТАЙДЫ

Жұманғарин сөзін “сізге нақты жауап берейін” деп бастады.

Қазір мысалы “светтің” бағасы қымбаттады. Газдың бағасы қымбаттайын деп жатыр. Жылу, бүкіл коммуналдық тарифтер қымбаттады. Ол әрине, ертең әсер етеді. Оны жабу керек қой!? Қалай жабамыз? Әлеуметтік көмекті көтеру керек. Ертең бюджет қызметкерлеріне айлықты көтеру керек. Қаражат қайдан аламыз? Жоқ. Бюджеттің дефицитін жабу үшін бір жерден қарыз алу керек немесе ұлттық қордан алу керек. Ұлттық қордан біз талай алдық. Алдымызда тапсырма бар. 2029 жылға дейін ұлттық қордағы қаражатты 100 млрд АҚШ долларына жеткізу керек.

Сол себепті біз бүгін жариялаған реформа осы сұраққа – жауап. Ертең бүкіл кірістер мен шығындарды қамтамасыз ету үшін, барлық қалпына келтіру үшін қазір осындай реформа қажет. Реформа болса қалғанының бәрін біз жабамыз. Әлеуметтік осал топтарға көмектесеміз. Айлықтарды көтереміз. Бизнеске дамуға арналған қаражатты береміз. Дұрыстап көмектесеміз. Ұлттық қордан қосымша қаражат сұрамаймыз. Оның бәрін жасау үшін осындай реформа қажет, – дейді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *