Берген Жұмкей Астрахан ауданының әкімі болып тағайындалды
Фото: Ресми дереккөзден
Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкей- Астрахан ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Берген Жұмкей- 1985 жылғы 15 маусымда дүниеге келген. 2007 жылы Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы мен атқарған қызметтері:
-
2008–2009 жылдары — Көкшетау қаласы бойынша «ХҚКО» ММ филиалының инспекторы;
-
2009–2010 жылдары — Шортанды ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы;
-
2010–2011 жылдары — Шортанды кентінің әкімі;
-
2011 жылы — Шортанды ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы;
-
2011–2017 жылдары — Шортанды ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы;
-
2017–2018 жылдары — Шортанды ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
-
2018 жылы — Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары;
-
2018 жылы — Шортанды ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
-
2018–2021 жылдары — Шортанды ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2021 жылғы тамыздан бастап бүгінге дейін Қосшы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Пікірлер (0)