«Бір қабылдауым – 200 доллар»: «Үкілі бала» 11 жылдан кейін бой көрсетті (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 142
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Небәрі 11 жасында Қызылорда өңірінде жұртты емдеумен аты шыққан Ерболсын Серікбаев содан 11 жыл өткеннен кейін, яғни 22 жасында журналист Аман Тасығанға сұхбат берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, оны 2014 жылы «Кешкі кездесу» бағдарламасында елге танытқан да осы Аман Тасыған болатын. Оны «Үкілі баланың» өзі де растады.

Содан кейін адамдар мені көшеде саусақтарымен көрсете бастады. Өйткені 11 жастағы бала жарқ етіп, Аралдың кішкентай ауылынан шықты. Оны Аман Тасыған келіп көрсетті. Молдалар, психологтар бар, барлығы 11 жастағы балаға жабылды. Яғни, менің психологиямда бір ауытқу және қорқыныш пайда болды. Бір журналист пен молданы көргеннен кейін барлығының көзқарасы сондай болады. Ол жерде барлығы жабылып кеткеннен кейін менде үнсіздік пайда болды. Қазақ менталитетінде үлкен кісіге артық сөйлеуге, қарсы шығуға болмайды деген бар. Оны қазір түсінемін, бірақ ол кезде түсінбедім. Ол жерде 11 жастағы бала өз ойын айтты, өз-өзін қорғау керек еді. Өйткені ол жерде оны қорғайтын бірде-бір адам болған жоқ. Ол кезде болған оқиғаға мен қазір өкінбеймін, – дейді Ерболсын Серікбаев.

Қазір ол шетелде медициналық білімін жетілдіріп жүр екен. Осы орайда өзі әлі қол үзбеген емдеу шарасының қазіргі ақысын да жасырмады.

Әлі күнге дейін ақша үшін ғана адам емдеймін. Ақша керек болмаса, емдемеуші едім. Маған біреудің проблемасы, ауру баласымен арпалысқан керек емес. Ақша үшін жұмыс істемеймін деген адамдарға сенбеймін. Қазіргі атқаратын жұмысымды жақсы ақшаға бағалаймын, - дейді жас емші.

 Айтуынша, топтық емдердің ақысы әртүрлі. Ретритке көп уақыт бөледі екен. Алдына келгендерге үй жағдайында қандай ем қолдану керектігін де айтады.

Бір қабылдауым – 200 доллар. Қазақстанға келгенде 100 доллар болады. Өйткені еліміздегі халықтың әл-ауқатын түсінемін. Теңгеге шаққанда, 50 мың теңге. Қатты қымбат емес деп ойлаймын, – дейді «Үкілі бала».

Сұхбаттың толық нұсқасы төмендегі видеода.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *