Оқ жарақатын алған Берденов президент делегациясымен Бейжіңде жүр

Жаңалықтар
view 58
news

Фотосурет: дереккөз

Өткен аптада ғана қастандық салдарынан қызметінен кеткен Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовтің Қытайда президент бастаған делегацияның құрамында жүргені белгілі болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Оның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен қатар тұрған суретін Respublica партиясының тең төрағасы, белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау әлеуметтік желіге жариялады. Ал сол партияның төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров жақында ғана Берденовтің отставкасына қатысты пікір білдірген болатын.

Бұл – мемлекеттік қызмет. Ол ем қабылдап жүрген. Ал мәселелер адамның сауығуын күтпейді, - деп жауабын қысқа қайырған еді ол журналистер сұрағына.

Алайда оқ жарақатын алған экс-шенеунік бүгін Қытайдағы президентпен бірге жүрген жоғары лауазымды шенеуніктер мен кәсіпкерлердің ортасынан бой көрсетіп отыр.

Сонымен қатар делегация құрамында кәсіпкерлер Нұрлан Смағұлов, Тимур Турлов, Шухрат Ибрагимов, мемлекеттік құрылым басшылары – Нұрлан Жақыпов, Бағдат Мусин, Алмасадам Сәтқалиев және Рәмбек Баталов бар. Ал Үкімет құрамынан Мұрат Нұртілеу мен Роман Скляр жүр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *