Бірлік пен сыйластық – болашақтың кепілі

Жаңалықтар
view 32
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Мен бұл елде өмірімнің көбін өткіздім. Талай тарихи кезеңдерді бастан өткердік, бірақ ел ішіндегі ұлтаралық татулық пен бірлік – менің ең бағалы құндылығым. Бұрынғы қиын-қыстау замандарда да жұрт бірін-бірі бауырына тартып, қол ұшын созып, бір қауым ел болып тіршілік етіп келді. Сол бірлік пен сыйластық бізді бүгінге жеткізді.

Қазір қарап отырсам, Қазақстанда қаншама ұлт өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр. Әрқайсысы өз мәдениетін сақтап отыр: тілі де, дәстүрі де бар. Бірақ бәрінің жүрегі бір – Отан деп соғады. Осыны көргенде көңілім толып, үмітім арта түседі.

«Бірлігіміз – әралуандықта» деген сөз – мен үшін өмірлік шындық. Ұрпағымыз осыны ұмытпай, бірін-бірі құрметтеп өссе, елдің болашағы жарқын болады. Себебі ынтымақ бар жерде ғана ырыс болады.

Ыбырай Қазанғапов, ҚХА Ақмола облысы бөлімшесінің мүшесі, тәуелсіз медиатор

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *