Ұлтаралық келісім – тұрақтылық пен дамудың кепілі

Жаңалықтар
view 34
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Этникалық және мәдени алуандық жағдайында ұлтаралық келісім мен татулықты сақтау – елдің тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі.

Қазақстан – жүзден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Мұндай алуандық біздің байлығымыз әрі басты артықшылығымыз болып табылады. Сондықтан ұлтаралық келісімді сақтау – жай ғана әлеуметтік саясат емес, бұл – ұлттық қауіпсіздіктің негізі, тұрақты дамудың алғышарты және болашақ ұрпаққа бейбіт, берекелі ел қалдырудың басты жолы.

Осы бағытта әр азаматтың, әрбір отбасының, білім мен мәдениет ошақтарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың жауапкершілігі зор. Әрбіріміз өз тұрмысымызда, жұмыс орнымызда, қоғамдық өмірде сыйластық пен түсіністікті сақтасақ, еліміздің бірлігі одан әрі нығая түседі.

Елдің ынтымағы – дамудың қозғаушы күші, ал татулық – әр шаңырақтың берекесі. Сол себепті бірлікті көздің қарашығындай сақтау – баршамыздың ортақ парызымыз.

Сымбат Қуандықова,
 Қосшы қаласы кітапханасының директоры

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *