«Бишімбаев 2»: ҰҚКД ардагерінің қызын экс-полицейдің ұлы өлтірмек болып жүр
Фотосурет: кейіпкердің Instagram-дағы парақшасынан
Томирис Нұрмағамбетова есімді әйел Instagram-дағы парақшасында күйеуі Әнуар Арманұлы Нұрмағамбетовтің бір жыл бойы өзін аңдып, өлтіремін деп қорқытып келе жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, күйеуінің әкесі – бұрынғы жоғары лауазымды полиция қызметкері, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл жолы күйеуі Әнуар Нұрмағамбетов әйелдің пәтеріне заңсыз кіріп, оны ішінде күтіп отырған. Кейін күндіз шабуыл жасап, көлігін тартып алған. Осыдан кейін Томирис полиция бөлімшесіне арыз жазуға бара жатқанын хабарлады.

Ол бір жыл бойы мені аңдып, өлтіремін деп қорқытып келеді. Бірнеше рет қол жұмсады. Сол себепті Павлодардан көшіп кетуге мәжбүр болдым. Мен бұл заңсыздыққа шыдаудан шаршадым, еліміз өз «қаһармандарын» танысын! – деп жазды әйел.
Сондай-ақ ол өз күйеуін «Бишімбаев 2» деп атап, оның бұрын сотта жұмыс істеп, өз лауазымы мен таныстарын пайдаланғанын алға тартып отыр. Айтуынша, күйеуі бір жылдан бері ажырасуға келіспей, қорқытып, бопсалап келеді екен.
Дереккөздердің хабарлауынша, Томирис Қанатқызы Нұрмағамбетованың өзі де Павлодар қаласы ҰҚКД бұрынғы жоғары лауазымды қызметкерінің қызы көрінеді.
Пікірлер (0)