Полиция Атамбаевтың отбасын үйінен күштеп шығарды (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 87
news

Фотосурет: дереккөз

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың отбасы Кой-Таш ауылындағы үйінен күштеп шығарылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Экс-президенттің балалары Алия Шагиева мен Кадырбек Атамбаев әлеуметтік желіде отбасының баспанасынан қуылғанын жазды. Олардың айтуынша, милиция қызметкерлері барлық заттарды сыртқа шығарып, арнайы контейнерге тиеген. Соның салдарынан отбасы жаңбыр астында тау болып үйілген заттарымен қалған.

Барлығын барынша лас әрі қорлайтын етіп жасады, – дейді Алия Шагиева.

Отбасы сот істері әлі жалғасып жатқандықтан мұндай әрекетті заңсыз деп есептейді. Қазір олар туыстарының үйіне уақытша орналасқан.

Еске сала кетсек, 13 қыркүйекте Атамбаевтың отбасы үйіне бірнеше адамның келгенін хабарлаған. Олардың бір бөлігі милиция формасында, ал кейбірі қарапайым киімде болған. Құжат көрсетпестен резиденцияны штурмдаған. Себебі сот шешімі бойынша Кой-Таштағы жер телімі мен үй мемлекетке қайтарылған. Билік бұл аумақта қарттар үйі мен 500 орындық жаңа балабақша салуды жоспарлап отыр.

Атамбаевтың жары Раиса Атамбаева қазіргі президент Садыр Жапаровқа үндеу жасап, үйді сақтап қалуға уәде бергенін еске салды.

Ал Алмазбек Атамбаевтың өзі 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған болатын. Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік наградаларынан да айырылды. Оған ТЭЦ-ті жаңғырту кезінде заңсыз байыды, 2019 жылғы Кой-Таштағы тәртіпсіздіктерге, жер телімдерін заңсыз алуға қатысы бар деген айып тағылған.

Бес жылдан аса уақытқа созылған іс бойынша экс-депутаттар, бұрынғы қала әкімі, ІІМ экс-басшысы және басқа да азаматтар әртүрлі мерзімге сотталды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *