Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзді қашан айтатыны белгілі болды
Жаңалықтар
485
Сурет: Ашық дереккөзден
Бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды janabastau.kz.
Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйлеп, тараптардың ескертулері тыңдалды.
Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.
Айта кетейік сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады).
Сотталушылардың соңғы сөзі 6 мамырда сағат 10:00-де өтеді.
Пікірлер (0)