Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық сот үкімі өзгеріссіз қалды
Жаңалықтар
358
Суре: ашық дереккөз
Бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы өтті,- деп хабарлайды Janabastau.kz.
Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды.
Апелляциялық шағымды Шынар Ерғалиева, Нұрлан Баяхметов және Роза Нұрмұхановадан тұратын сот алқасы қарады.
Қаулының қарар бөлігін төрағалық етуші судья Шынар Ерғалиева айтты.
"Сот алқасы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 мамырдағы Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы шығарды", – деді судья.
Айта кетейік, бұған дейін Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.
Пікірлер (0)