Бишімбаевқа сот үкімі шықты!
Жаңалықтар
928
Бейнежазбадан
Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды janabastau.kz.
Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді. Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кететіні, 2023 жылдың 9 қараша күні Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, ұсталған болатын. Қайғылы оқиға Bau мейрамханасында болды. Күдіктіге Қылмыстық істің "Қинау" және "Асқан қатыгездікпен кісі өлтіру" баптары бойынша іс қозғалды.
Пікірлер (0)