Бокстан ӘЧ: Алматы әкімі жүлделі қыздарға қомақты ақша берді
Жаңалықтар
79
Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Ливерпульде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен алматылық жүлдегерлерді құттықтап, марапаттады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Салтанатты рәсімде спортшыларға алғыс хат пен сыйақы табысталды.
Олар:
- Алуа Балқыбекова, алтын – 40 млн теңге;
- Назым Қызайбай, күміс – 30 млн теңге;
- Виктория Графеева, қола – 20 млн теңге;
- Елдана Тәліпова, қола – 20 млн теңге.
Жаттықтырушылар да еңбегі үшін алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Загребте өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген балуан Нұрқожа Қайпанов та марапатқа ие болды.
Пікірлер (0)