Мбаппе де «Қайратқа» қарсы негізгі ойыншыны қосуға қарсы
Фотосурет: msn.com
Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің екінші турындағы «Қайратқа» қарсы өтетін матч қарсаңында Мадридтік «Реал» командасында Килиан Мбаппе басты талқыға айналды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Don Balon басылымының жазуынша, франциялық шабуылшы бірқатар командаласымен бірге Джуд Беллингемді бастапқы құрамға қоспау керек деген пікір білдірген. Олардың айтуынша, иығына жасалған отадан кейін англиялық жартылай қорғаушы әлі де қажетті деңгейге жете алмаған.
Бұл әсіресе мадридтік дербиде, «Атлетикоға» қарсы ойында анық байқалды. Беллингем алаңда ауыр қозғалып, қорғаныста толыққанды ойнай алмады. Соның салдарынан «Реал» іс жүзінде 10 ойыншымен ойнағандай болған.
Мбаппе мен оның командаластары қазіргі жағдайында Беллингем командаға пайдадан гөрі зиян тигізіп жатыр деп есептейді. Сондықтан олар Хаби Алонсодан жартылай қорғаушыны әзірге ротациялық ойыншы етуді, яғни екінші таймда ғана алаңға шығаруды сұрап отыр. Бұл кезде ойынау әлдеқайда жеңіл болады.
Ал Джуд Беллингем әлі де «Реалдың» ең талантты ойыншыларының бірі саналады және клуб оның жақын арада бабына келеріне сенеді. Алайда Хаби Алонсо оған толық қалпына келуге уақыт бере ме, әлде негізгі құрамда қалдыра бере ме, ол жағы әзірге белгісіз.
Айта кетсек, 2023-2024 жылғы маусымда Джуд Беллингем 58 кездесуге қатысып, 15 гол мен 15 нәтижелі пас берді. Қазір оның нарықтағы бағасы 180 миллион еуроны қамтиды.
Пікірлер (0)