Оралда 10 жастағы қызды арқанмен буындырмақ болған адамға іздеу жарияланды

Жаңалықтар
view 95
news

Фотосурет: medium.com

Орал қаласында 10 жастағы оқушыға шабуыл жасап, оны арқанмен буындырмақ болған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға Зачаганск кентінде болған. Куәгерлердің айтуынша, 29 қыркүйекте белгісіз ер адам №20 мектептің 10 жастағы оқушысына сабақтан үйіне қайтып келе жатқан кезде шабуыл жасаған. Енді ата-аналар балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті шабуыл фактісін растады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Балаларға қарсы жасалған қылмыстар – қоғамдағы ең ауыр әрі төзгісіз қылмыстардың бірі. Бұл қылмысқа қатысы бар адам міндетті түрде ұсталады, – деп мәлімдеді полиция.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *