Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы тағайындалды

Жаңалықтар
view 60
news

Фотосурет: ҚБФ

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне кімнің тағайындалғаны белгілі болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Нұржан Насанов тағайындалды.

Федерация мәліметінше, Насанов Нұржан Нишанұлы 1975 жылғы 23 қазанда дүниеге келген. 2016 жылы жаттықтырушы мансабын бастаған.

2024 жылы тамыз айынан Ұлттық құраманың жаттықтырушысы қызметін атқарған.

Насанов Нұржан екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай және тағы басқа боксшыларды тәрбиелеген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *