Болат Назарбаевтың ұлы 57 млрд теңге мен бизнесінен айырылды
Фотосурет: дереккөз
Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаев «Жаңа Қазақстанның» қара тізіміне енді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Orda.kz сот қаулысының көшірмесін алғандарын мәлімдеді.
Әдетте олигархтардың ірі активтері бойынша істер ашық көрсетілмейді. Сот процестері жабық есік жағдайында өтеді. Сондықтан сот шешімінде толық деректер жоқ. Алайда сот Нұрбол Назарбаевқа қатысты Активтерді қайтару комитетінің талабын толығымен қанағаттандырған.

Назарбаевтан мемлекет пайдасына 106,75 млн АҚШ доллары (бүгінгі бағаммен 57 млрд теңге) өндіріп алынды. Сонымен бірге сот оны 1,75 млн доллар (925 млн теңге) айыппұл төлеуге және 230,4 млн теңге көлемінде өсімпұл төлеуге міндеттеді, - делінген соңғы ақпаратта.
Талапты қамтамасыз ету үшін сот қатаң шектеулер қойды. Нұрбол Назарбаевтың барлық банктік шоттарына бұғат қойылып, компания кірістерін және жеке мүлкін басқаруға тыйым салынды, бизнес құрылымдарын толық бақылауынан айырылды.
Оның адвокаттары бұл қатаң шараларды процессуалдық заңбұзушылықтарға сілтеп, даулауға тырысқанымен, апелляция да нәтиже бермеген.
Сот шешімі заңды күшіне енді және қайта қарауға жатпайды.
Пікірлер (0)