БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыс кезінде құтқарушы пышақталды
            
            Жаңалықтар
            
                 563
                563
            
        
        Ашық дереккөз
26 жастағы құтқарушы Қазталов ауданы Жалпақтал кентінің маңында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу кезінде пышақ жарақатын алған, janabastau.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Жедел деректер бойынша, Қараөзен өзенінің жағасында жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында 1998 жылы туған азаматтық қорғау қызметінің сержанты жараланды. Ол кеуде тұсына сұғылған екі пышақ жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында», - деп хабарлады ведомство.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуылдаушы мас болған. Оған қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)