Бүгін Астанада тұрғын үйлерге жылу беріледі

Жаңалықтар
view 64
news

Фотосурет: Sputnik.kz

28 қыркүйекте сағат 14:00-ден бастап жылу беру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы хабарлама елорда тұрғындарына бүгін таңертең келді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Тұрғындар назарына:

  1. Жылуды қосу кезінде пәтерде болғаныңыз жөн;
  2. Егер жөндеу жұмыстарын жүргізген болсаңыз, радиатордағы тығындар мен крандардың дұрыс орнатылғанын тексеріңіз;
  3. Жөндеу барысында радиатор алынған болса, оны шұғыл орнатып, үй басқарушысын хабардар етіңіз;
  4. Радиаторларыңызда зақымданудың бар-жоғын тексеріңіз;
  5. Жылуды қосу кезең-кезеңімен іске асады және бірнеше күнге созылуы мүмкін. Қала бойынша қосу жұмыстары жүріп жатқандықтан, жылу мен ыстық су параметрлері уақытша төмен болуы ықтимал. Осыған түсіністікпен қарап, жұмыстардың аяқталуын күту қажет.

Жеке және ақылы өтінімдер сәл кейінірек орындалады. Себебі барлық техникалық персонал жылуды қосу процесіне жұмылдырылады.

Апаттық жағдай туындаған кезде тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызметке хабарласқан жөн. Байланыс нөмірлері: +7 (711) 060-47-77; +7 775 542-55-13.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *