Атыраудағы базар сөрелерінде киік еті пайда болды

Жаңалықтар
view 225
news

Фотосурет: Айгүл Мансұрова

Атыраудағы ескі базарда тосын тауар – Орал даласынан әкелінген ақбөкен еті сатылымға шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі azh.kz-ке сілтеме жасап.

Оралдан келген сатушы Вячеславтың айтуынша, ол Атырауға шамамен 2 тонна ет жеткізген. Сұраныс жоғары болғандықтан, аз күнде оның жартысынан көбі сатылып кеткен.

Халық белсенді түрде алады: біреулер көтермемен, біреулер келілеп. Біз ресми түрде жұмыс істейміз. Өзіміздің аңшылық шаруашылығымыз бар, құжаттарымыз бен сертификаттарымыз дұрыс. Әр ұшаны ветеринар дәрігер тексереді, – дейді сатушы.

Сондай-ақ ол аң аулаудың «үнемді тәсілмен» жүргізілетінін айтады. Бұл ретте кәсіпқой аңшылар жануарларды атпайды, тор арқылы ұстап, содан кейін сояды. Осылайша, ет жақсы сақталады әрі зақымдалмайды.

Көтерме бағада киік етінің 1 келісі 2 мың теңгеден, ал бөлшек саудада 2 200 теңгеден сатылады. Тұтынушылардың бірі алғаш рет сирек еттің дәмін көруге қызықса, енді бірі арнайы келіп, бірден бірнеше келісіне тапсырыс береді. Сонымен қатар қала тұрғындарының бір бөлігі сатылымға күдікпен қарайды. Олар ақбөкеннің Қызыл кітапқа енгенін еске салып, мұндай сауданың заңдылығына күмән келтіреді. Ал сатушының өзі барлық қызмет заң аясында жүргізілетінін және тауардың міндетті түрде тексеруден өтетінін алға тартып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *