Бүгін Мемлекет басшысы үш маңызды кездесу өткізеді
Редакция таңдауы
182
Бүгін Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған, деп хабарлайды janabastau.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізеді. Кездесуде ЕҚЫҰ мен Қазақстанның серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдайды. Кездесу барысында білім, ғылым, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Былтыр Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды.
Жоспарға сәйкес Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі. Тараптар сауда-экономика, инвестиция салаларындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды.
Оқи отырыңыз

Редакция таңдауы
Мұнай бағасы зымыранша ұшты — Таяу Шығыстағы шабуыл салдары


Редакция таңдауы
Қазақстанда той шығынын салық органдары тексере бастады
Пікірлер (0)