Аптап ыстық қашан басылады?

Редакция таңдауы
view 138
news

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі Егемен Қазақстанға сілтеме жасап. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде циклонның және атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 9 маусым күні республиканың солтүстігінде, орталығында бұршақ жауып, шаңды дауыл тұрады. «8 маусым күні шығыста өте қатты ыстық болады, 8-9 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында +41 градусқа дейін ыстық сақталады. Сондай-ақ сол күндері солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста аптап ыстық бірте-бірте басылып, ауа температурасы +20 +28 градус болады», делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *