Cу тасқынының екінші толқыны басталды

Жаңалықтар
view 4815
news

Фотосурет: Ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстанда су тасқынының екінші толқыны басталды.  Есіл өзенінің суы екінші рет көтеріліп, Тоқсан би гидрология бекетінде су деңгейі бір тәулікте 95 см-ге жоғарылаған, деп хабарлайды  janabastau.kz.  

«Қазгидромет» СҚО филиалының хабарлауынша, Есіл өзені Тоқсан би ауылының жанында 16 сәуір күні таңертеңнен бастап көтеріліп жатыр. Ал Долматово елді мекенінің жанында өзен деңгейі 20 см-ге биіктеген.

Ондағы қауіпті деңгей 1450 см болса, қазір одан асып, 1532-ге жеткен. 

Су тасқынының екінші толқынының әсерінен Сергеев су қоймасында су деңгейі 3 см-ге жоғарылаған. 

Ал шағын өзендерде су қайтып жатыр. Мәселен Бабықбұрлықта өткен тәулікте 126 см-ге, Ақанбұрлықта 120 см-ге төмендеген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *