Д. Трамп: Иранға қарсы соғыс жалғасады
Фото: AP Photo
Иранға қарсы соғыс жалғасады. Мұны АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды 24.kz.
Айтуына қарағанда, Құрама Штаттар Ислам Республикасының әскерін талқандады. Сондай-ақ Америка әлемдегі ең қуатты әскери күшке ие дейді Ақ үй басшысы. Бұдан бөлек ол өз әкімшілігінің жұмысын мақтаған.
"Мен билікке келгелі АҚШ экономикасы күшейіп, инвестиция көбейіп, халықтың әл-ауқаты жақсарды",- деп жазды ол.
Сондай-ақ Дональд Трамп бұрынғы президент Джо Байденнің саясатынан Америка әлсіреді деп сынаған. Одан бөлек, Трамп Бейжіңмен арадағы қарым-қатынас жайында "Қытай төрағасы Си Цзинпинь қысқа мерзім ішінде жеткен жетістіктеріммен құттықтады" деп те атап өткен. Сонымен қатар АҚШ пен Қытай арасы жақсаратынын айтқан.
Пікірлер (0)