Дәрігер кеңесі: Қорыл – ауыр дерттің белгісі болуы мүмкін
Фото: Rg.ru
Қорыл – ауыр дерттің белгісі болуы мүмкін. Татарстанның еңбек сіңірген дәрігері, профессор-невролог Эдуард Якупов осындай ескерту жасап отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жүрек шаншып ауырса, не істеу керек
Оның сөзіне қарағанда, қорыл – ұйқы кезінде адам тынысының аз уақытқа тоқтауы. Кейін де ол бірнеше секундтан бір минутқа дейін, тіпті одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Невролог мұндай сәттерде қандағы оттегі деңгейі күрт төмендеп, бұл ми жұмысына кері әсер ететінін айтады.
Мұны тұншығумен салыстыруға болады: қан да, оттегі де жеткіліксіз болады. Ми қауіп-қатерді сезіп, соған жауап ретінде кортизолдың бөлінуі артады, қан қысымы көтеріледі де, ағзада күрт стресс реакциясы іске қосылады, - дейді маман.
Дәрігер айтуынша, кейінгі жылдардағы зерттеулер мұның инфаркт, инсульт және қатерлі ісіктің даму қаупін 4–6 есе арттыратынын растайды.
Пікірлер (0)