Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Жаңалықтар
view 240
news

Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, кең антициклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде боран, сондай-ақ көктайғақ болжанып отыр.

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндізгі ауа температурасының негізгі фоны:

  • батыс өңірлерде: +5…+13°С,
  • оңтүстікте: +12…+20°С,
  • оңтүстік-батыста: температура +10…+20°С-тан +7…+16°С-қа дейін төмендейді,
  • солтүстік-батыста: +3…+15°С-тан -3…+10°С аралығына дейін төмендейді,
  • солтүстікте: +3…+8°С-тан −3…+5°С аралығына дейін төмендейді.
  • Орталық өңірде: ауа температурасы +1…+7°С-тан +5…+10°С-қа дейін жоғарылауы күтіледі.
  • шығыста: −10…+5°С-тан +1…+12°С аралығына дейін жылы болады.
  • оңтүстік-шығыста: температура +8…+16°С,
  • таулы аймақтарда: -2…+8°С-тан +11…+19°С, кей жерлерде +2…+7°С болады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *