Қазақ пен қырғызға тіл тигізген Екатерина Бивол жындыханаға жөнелтілді

Жаңалықтар
view 893
news

Фото: ашық дереккөз

Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Бивол әлеуметтік желіде жаңа видео жариялап, психиатриялық ауруханаға бара жатқанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Ол не деді

Оның айтуынша, мұндай қадамға баруына бұрынғы күйеуінің жанкүйерлері, сондай-ақ туған әпкесі тарапынан ұзақ уақыт бойы тоқтамай келген шағымдар себеп болған.

Маған екі жыл бойы Диманың Қырғызстаннан және Ресейден шыққан фанаттары қатты қысым жасап келеді. Бұған қоса, бұрынғы күйеуімнен тарап жатқан бітпейтін негізсіз қудалау бар, деді Екатерина видеода.

Ол тексеріс оның балаларға қатысты әрекетіне байланысты емес, тек үшінші тұлғалардың шағымдары бойынша жүргізіліп жатқанын баса айтты.

Менің балаларым өте жақсы. Күн сайын олардың жаттығуларына барып тұрамын. Өмірімді өздеріңіз көріп жүрсіздер. Маған қарсы жасалған ұзақ жылғы агрессияға бір реакция білдірсем болды, біреулер соны себеп қылып, мені тексеруге жіберіп жатады, дейді ол.

Екатеринаның айтуынша, ол бірнеше жылдан бері интернетте үздіксіз қысымға, жеке ақпараттарының тарауына және түрлі қауіп-қатерлерге тап болып келеді. Ол балаларын өзі қамтамасыз ететінін, ал алимент және қамқоршылық мәселелері оның психологиялық жағдайына қосымша салмақ түсіретінін атап өтті.

Желіде Екатеринаның дәл осы тексеріске шақырылуына себеп болды делінген шағым құжатының фотосы да тарады. Онда: 

Ол үнемі бұрынғы күйеуіне, оның туыстарына, маған және менің балаларыма өлім тілеп, дөрекі сөздер айтады. Мұндай жанжалдар кезінде жиі оның жиендері де кадрда болып, бәрін көріп, сезіп отырады,  делінген.

«Өлгім келеді...»

Тағы бір бөлігінде Екатеринаның өзіне және балаларға қауіп төндіретін сөздер айтқаны көрсетілген:

Апатия кезінде "балалармен бірге терезеден секіремін" деп бірнеше рет қорқытқан. Мұндай сәттерде мен онымен күніне 6-8 сағат телефонда отырамын. Ол бір сөзді қайталай береді — өмірге лайық емеспін, өлгім келеді, ешкімді жақсы көрмеймін, деп жазылған құжатта.

Құжат авторы (әпкесі делінеді) балаларды уақытша отбасынан алып қою мүмкіндігін қарастыруды және анасына қатысты шара қолдануды сұраған.

Еске сала кетейік, Ресей ІІМ Екатерина Биволға қатысты тексеріс жүргізіп жатқандарын ресми түрде растады. Бұл туралы Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Ресей ІІМ Бас басқармасы хабарлаған.

Бұған дейін Екатерина әлеуметтік желіде түрлі ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сөздер айтқан видеосын жариялаған еді. Осыдан кейін Қырғызстанда оған қатысты қамауға алу туралы ордер шығарылды.

Кейін Қазақстан ІІМ Екатерина Биволды қамауға алу шарасымен халықаралық іздеу жариялағанын хабарлады. Оған қатысты ориентировка да желіде тарады.

13 қарашада ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Қазақстан Ресейден Екатерина Биволды экстрадициялауды сұрайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Екатерина бұған дейін бұрынғы күйеуінің отбасына қатысты да жағымсыз пікірлер айтқан. Ол Дмитрий Биволдың анасын «тозақтың пендесі» деп атаған.

Дмитрий Бивол

Дмитрий Бивол – ресейлік кәсіби боксшы, WBA нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы. Екатерина екеуі 2007 жылдан бірге болып, 2014 жылы үйленген, ортақ балалары бар. Жұп 2023 жылдың маусымында ажырасты. Алайда олардың арасындағы жанжал кейін өршіп, әлі күнге дейін әлеуметтік желілерде, соттарда және жария айыптаулармен жалғасып келеді. Екатерина Бивол бұрынғы күйеуін абьюз, опасыздық және қаржылық алаяқтық жасады деп айыптаса, Дмитрий оның мінез-құлқын «аморальды» деп атаған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *