Ресейде де Екатерина Биволға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Жаңалықтар
view 102
news

Фото: sports.ru

Ресейде қырғыздар мен қазақтарға тіл тигізген Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

 

Ресей Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволдың қырғыздар мен қазақтарға қатысты айтқан сөздерін тексере бастады. 

 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін

 Қырғыз елі Биволдың бұрынғы әйеліне қылмыстық іс қозғады

 

Бұған оның әлеуметтік желілерде қырғыздар мен қазақтарды ұлтына қарай қорлайтын сөздері бар видеоны жариялауы себеп болды. Бұл туралы «Газета.Ru» басылымына Ресей ІІМ-нің азаматтық институттар және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл басқармасында хабарлаған.

 

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Биволдың бұрынғы әйеліне Қазақстан полициясы да іс қозғады

Қазақ пен қырғызды қорлаған Биволдың экс-әйелі бұрынғы қайын атасынан таяқ жеді

 

Айтылған жайттарға байланысты тексерісті Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Ресей ІІМ басты басқармасы жүргізіп жатыр, - деп мәлімдеді «Газета.Ru»-ға басқарма басшысының орынбасары Евгений Артемов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *