«Ұлтаралық алауыздық тудырды»: Алматыда блогер 4 жылға сотталды
Фото: Facebook.com/mirbolat
Алматыда блогер және қоғам белсендісі Мирболат Мырзатайұлына сот үкімі шықты. Медеу ауданының №2 соты оны «ұлтаралық алауыздық тудыруды» деп айыптап, төрт жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Лас дүниеге әуес халық»: Ресейлік блогер қазақтарға тіл тигізді
Қытайлық блогер Бозжырада түсірілген бейнежазбасымен желіні тәнті етті (ВИДЕО)
Мирболат Мырзатайұлына қатысты іс қыркүйекте тергелді. Блогердің туыстары бірнеше күн бойы оның қайда жоғалып кеткенін түсіне алмаған. Кейін блогердің полицияға ұсталғаны белгілі болды. Ал сот оны сот тергеуі кезінде уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім шығарды.
Блогерге тағылған барлық айыптауға оның әлеуметтік желіде жариялаған жазбалары себеп болған. Мирболат Мырзатайұлы кінәсін мойындаудан бас тартып, істің «жасанды» екенін айтты.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Атырау облысында да кәсіпкерді қомақты қаржыға бопсалаған блогер ұсталды
Лотерея өткізетін блогерлер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Бұл қудалау оның қоғамдық белсенділігімен, атап айтқанда АЭС құрылысына сыни көзқарас білдіруімен, YouTube-тағы тергеушілік материалдарымен және экологиялық, саяси тақырыптағы сөйлеген сөздерімен байланысты, – деп санайды блогердің жақтастары.
54 жастағы блогер – «Журналисттік зерттеулер агенттігі» арнасының авторы. Бұрын ол мемлекеттік телеарналарда ұзақ жылдар жұмыс істеген, кейін тәуелсіз тергеу жүргізумен және әлеуметтік маңызды тақырыптарды жариялаумен айналысқан.
Пікірлер (0)