Лотерея өткізетін блогерлер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Жаңалықтар
38
Фото: freepik
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов лотерея өткізген блогерлер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілетінін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Иә, қаралып жатыр (қылмыстық жауапкершілік енгізу). Бұл мәселе бойынша қазір басқа органдардан ұсыныс жиналып жатыр. Содан кейін Үкіметтің қарауына және Мәжіліске шығарамыз. Қаржы пирамидаларына жарнама жасағанға қылмыстық жауапкершілік енгіздік. Бұл жерде де сондай қылмыстық жауапкершілік қарастырып жатырмыз, – деді ол Сенат кулуарында.
Пікірлер (0)