Ресейлік атышулы тележүргізуші Тигран Кеосаян қайтыс болды
Жаңалықтар
84
Фото: shyndyk.kz
Ресейлік режиссер және тележүргізуші Тигран Кеосаян өмірден өтті. Бұл туралы оның жұбайы Маргарита Симоньян әлеуметтік желілерде жазды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бүгін түнде Тигран Жаратушының құзырына кетті, - деп жазды Симоньян өзінің Telegram-арнасында.
Тигран Кеосаян - RT телеарнасының, халықаралық «Россия сегодня» және Sputnik ақпарат агенттіктерінің бас редакторы Маргарита Симоньянның жұбайы болған.
Кеосаян 59 жаста еді. Симоньянның айтуынша, 2025 жылдың қаңтарында ол клиникалық өлімді бастан кешіріп, комаға түскен. Сол комадан оянбаған.
Пікірлер (0)