«Ыңырсу мәнерін тапқан»: Медеу Арынбаев Қайрат Нұртас туралы пікір білдірді
Фото: ашық дереккөз
Танымал әнші Медеу Арынбаев әріптесі Қайрат Нұртастың өнеріне баға берді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Қайрат Нұртас демалып, дауысын күтуі керек.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Динара Сәтжан Қайрат Нұртастың концерті қалай өткенін айтты (ВИДЕО)
Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртас не үшін көзілдірік тағатынын айтты
Жолымызды кескен бандиттермен айқастық – Гүлзира Айдарбекова
«Әзірге күресіп көрсін, кейін үйін әпереміз». Гүлзира Айдарбекова келіні туралы мәлімдеме жасады
Қайратқа демалу керек. Ән айта алмайтын болса, халық мұнша көтерілмес еді. «Халық айтса, қалып айтпайды». Ол ырғақты сезеді, өзіне тән ыңырсу мәнерін тапқан. Оның дауысы қобызға ұқсайды, біздің жанымызға жақын элементтер бар, – деді Медеу Арынбаев.
Сондай-ақ ол даусын сақтап қалу – үлкен еңбекті талап ететінін атап өтті.
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: Жұлдызға үйді біз алып беретін шығармыз. Неге ақыл айтқышсыңдар? - Гүлзира Айдарбекова
Қайрат Нұртастың анасы оның ажырасқанына қатысты сұраққа жауап берді
Қайрат фониатрға барып, дауысын емдетуі керек. Бұл – еңбек. Біз сияқты айына немесе аптасына бір рет қана шықпайды. Ол күн сайын жолда, тойда, түрлі шарада жүр. Бұл оңай дүние емес, ол сақтануды талап етеді, – деді Медеу Арынбаев.
Пікірлер (0)