Елена Рыбакина тағы да Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді

Жаңалықтар
view 114
news

Фото: ҰОК

Теннис тарихында ең ірі көлемде табыс тапқан қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына ресми тіркелді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Қазақстандық теннисші Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) биылғы WTA қорытынды турнирінде 5,235 млн АҚШ долларын тапқан болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Алға, Қазақстан!»: Елена Рыбакина жанкүйерлеріне алғыс айтты

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінде үздік атанды

Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады

Осыған дейін мұндай табысқа ешкім жеткен емес. Бұрынғы рекордтар белоруссиялық Арина Соболенко мен испаниялық Карлос Алькарасқа тиесілі еді. Олар биылғы АҚШ ашық чемпионатында 5 млн АҚШ доллардан алды.

Рыбакинаның Сауд Арабиясындағы жылдың қорытынды жарысында барлық бес қарсыласын жеңгені белгілі. Соңғы финалдық бәсекеде әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенконы 6:3, 7:6 (7:0) есебімен ұтқан болатын.

Осылайша, Елена Рыбакина Гиннестің рекордтар кітабына екінші рет еніп отыр. Ол өткен жылы Аустралия ашық чемпионатында ресейлік Анна Блинковамен ең ұзаққа созылған тай-брейкке қатысқан.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Рыбакина WTA ұйымының бас директорымен суретке түсуден бас тартты (ВИДЕО)

«Бизнес оңай болмай тұр, Елена»: Рыбакинаның даулы әрекетін бүкіл әлем тақылап жатыр

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *